386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектеп жәрмеңкесінде тегін сауда орнында тұрған сатушылар затты қымбат сатпауға міндетті

  • 134
  • UPD: 22:01, 01.08.2019

Орал қаласында биыл «Мектепке жол» акциясы шілде айынан бастау алса, 1 тамыздан бастап мектеп жәрмеңкесі ашылды.

Осымен бесінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі шараға 170 кәсіпкер қатысып жатыр. Бір ай бойы сауда орындары тегін берілетіндіктен сауда жасаушылар бағаны мамандандырылған дүкендерден де төмен ұстауға міндетті. 

Оралдықтардың есебінше кеңсе тауарлары мен бала сөмкесі бір оқушыға 15 мың теңгеге шықпақ. Ал бұл өнімдерді мектеп жәрмеңкесінен алған әлдеқайда тиімді, - дейді 3 баланың анасы Жадыра Көшербаева.  

Жадыра Көшербаева, қала тұрғыны:

- 3 балаға қазіргі қазіргі жағдайда жоқ дегенде 10-15 мыңнан әрбіріне есептегенде керек. Оқу құралдары сумкасымен. 15 мыңнан 45 мыңдай-50 мыңдай ақша кетеді. Үшеуі де мектепте.

Көп балалы отбасыларға жеңілдіктер де қарастырылған. Ол үшін балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі болса жеткілікті. Кәсіпкер Нүрия Иманғалиева өткен жылы 50 оқушыға рюкзак пен кеңсе тауарларының жиынтығын сыйлапты. Биыл да қайырымдылық көрсетуге әзір. 

Нұрия Иманғалиева, кәсіпкер:

- Бағалар бізде бұрынғыдай, былтырғы бағалар. Доллар өсті, Ресей ақшасы өсті, соған қарамай былтырғы бағамен ұстап тұрмыз. Көмек көрсетіп жатырмыз балалы көп семьяларға.  Скидка жасаймыз, 50 %, 40%, 30%. 

Үміт Жәңгірова, облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы:

- Биыл «Мектепке жол» акциясы жылдағыдан бір ай бұрын, яғни шілде айында басталды. 30 қыркүйекке дейін жалғасын табатын болады. Қазірдің өзінде бір ай ішінде  2197 бала 10 млн 599 мың теңгенің көмегін алып отыр. Оның ішінде 643 бала 2 млн 715 мыңның көмегін кәсіпкерлер-меценаттар тарапынан алды.

Оқушылар киіміне келсек, ол әр мектептің жарғысына сай айқындалмақ. Арнайы киімдер дүкенінде мектеп формасының құны 13 пен 30 мың теңгенің аралығында. Жергілікті тігін фабрикалары бағаны одан да төмен түсіруге уәде етіп отыр. 

Берік Әбілқасов, тігін фабрикасының директоры:

- Кез келген мектептің жарғысына сай киім ұсына аламыз. Егер қою көк десе, тап сондай түсте тігеміз. Костюм мен шалбар, жакет, сарафан, тағы не керек? Сарафан 5 жарым мыңнан 7 мың жарымға дейін, ал балалардың костюм-шалбарлары 11-13 мыңға шығады.

Білім беру басқармасының мәліметінше жыл санап «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көрсетушілердің қатары артып келеді. Биыл өңірде 14 мыңдай оқушының мектепке әзірленуіне жәрдем жасалмақ. 

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Р.Ғазезов

Хабар 24 телеарнасы