388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында егістің 613 мың гектары күйіп кеткен

  • 370
  • UPD: 10:50, 02.08.2019

Биылғы құрғақшылық қостанайлық шаруаларды да тығырыққа тіреп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ала жаздай жауын-шашынның болмауынан облыстағы егістің 613 мың гектары күйіп кетті. Бұл – барлық алқаптар үлесінің 15 проценті. Аймақта 18 күн бойы ауа температурасы +35 градустан төмендеген жоқ. Әсіресе, оңтүстік өңірлердегі танаптардың жағдайы қиын. Қуаңшылықтың зардабын Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының егінжайлары айтарлықтай сезінді. Тағы 45 процентінің күйі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Егер жақын арада жауын-шашын болса, екі миллион гектар жердегі бидайды құтқаруға болады дейді мамандар.    

Жансұлтан Таукенов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Тамыздың 5-і мен 10-ы аралығында жаңбыр жауса, жағдай біршама түзелер еді. Егер құрғақшылық әрі қарай осылай белең алса, онда шығын көлемі ұлғая түспек. Жалпы былтырға қарағанда биыл мол өнімге кепіл жоқ.

Хабар 24 телеарнасы