386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтар: Жүргізуші куәлігін ХҚКО-дан алу қолайсыз

  • 140
Қарағандылықтар: Жүргізуші куәлігін ХҚКО-дан алу қолайсыз tengrinews.kz

Қарағанды облысындағы шалғай аудандардың тұрғындары жүргізуші куәлігін алу жүйесіне енгізілген жаңа ережелер қолайсыздық тудырып отырғанын айтады.

Қазір олар тәжірибелік емтихан тапсыру үшін Қарағандыға баруға мәжбүр. Атап айтсақ, Ұлытау, Жезқазған, Приозерск пен Балхаш қаласының тұрғындары облыс орталығына жету үшін 400-ден 600 шақырымға жуық жол жүріп келулері қажет. Бұрын бұл емтихандар жергілікті тіркеу бөлімінде тапсырылатын. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап өңір бойынша емтихан қабылдайтын 8 полиция бөлімі жабылды. Қазір жүргізушілер облыс орталығында орналасқан жалғыз мамандандырылған халыққа қызмет орталығына баруға мәжбүр. Алайда 2012 жылы салынған автодром құрылғылардың ескіруіне байланысты 1 шілдеден бастап күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған. 

Гүлмира Сүлейменова, «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

– Қарағанды қаласына келіп теориялық және практикалық емтихандар тапсыруларына тура келіп отыр. Өйткені ол жақтарда автодромдар қарастырылмаған. Әрине Қарағанды облысының аумағы үлкен болғандықтан, алыстан ат терлетіп келетін халықтың наразылығын тудырады. Қазір бұл сұрақ орталық аппаратта талқыланып жатыр. Жақын уақытта жүргізушілердің жергілікті жерде емтихан тапсыру мәселесі шешіледі деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы