386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық ұстаздардың жалақысы 10 тамызға дейін төленеді

  • 154
Ақтаулық ұстаздардың жалақысы 10 тамызға дейін төленеді

Ақтаулық ұстаздардың шілде айындағы жалақысы тамыздың 10-на дейін төленетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда облыстық қаржы басқармасы 443 млн теңгені қала бюджетіне аударып жатыр. Оның 188 млн теңгесі жекеменшік бөбекжайлардың, қалған 255 млн-ы орта мектеп ұстаздарына тиесілі. Педагогтардың мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымының өкілі еңбек демалысына бөлінген қаржының уақытында берілгенін айтып отыр. Ендігі мәселе ағымдағы жалақыға қатысты. Естеріңізге сала кетейік, мамырдан бері Маңғыстау өңіріндегі білім беру мекемелері мен балабақша мамандарына айлық кешігіп төленіп келген еді. Бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапты.

Тәрбия Байымбетова, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы аймақтық ұйымының төрайымы:

– Рақмет біздің мұғалімдердердің шыдамдылығына. Себебі жалақы мұғалім демалысқа шыққан кезде берілмей қалды. Ол кезде біз жұмыс жүргіздік. Түсінікпен қарады. Ағымдағы берілетін айлығы енді беріледі деп есептеп отырмыз.

Жаңагүл Ұланова, облыстық қаржы басқармасының басшысы:

– Осы күнге дейін мұғалімдердің еңбек демалысына тиісті 1 млрд теңгеге жуық қаражат уақытында берілмеді деген қате пікір қалыптасып келді. Шын мәнісінде бұл қаржы жергілікті білім саласы мамандарының шілде айына алатын жалақысы. Қазір бұл берешек толық өтелді.

Хабар 24 телеарнасы