386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот орындаушылары алиментін төлей алмай жүрген борышкерлерге жұмыс тауып бермек

  • 196
  • UPD: 18:29, 02.08.2019
Сот орындаушылары алиментін төлей алмай жүрген борышкерлерге жұмыс тауып бермек

Сот орындаушылары алиментін төлей алмай жүрген борышкерлерге жұмыс іздей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Міндеттеріне кірмесе де, мәжбүр болып отыр. Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 800 адамға жұмыс тауып берген. Әйтпесе, төленбеген алимент қарызы қордаланып қалған. Өткен 6 айда өндірісте 236 мың алимент ісі болған. Осы орайда Әділет министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейтпек. Бүгін екі жақты кездесу ұйымдастырып, осы мәселелерді талқылады. Берешегі барлар жазасыз қалып жатқан жоқ. Сот арқылы бірінің мүлігі тәркіленсе, бірінің есепшоты бұғатталған. 20 мыңнан астам адамға шетелге шығуға шектеу қойылған. Алайда, мұның бәрі мәселені толық шеше алмайды. «Сондықтан борышкерлердің тұрақты жұмысы болған дұрыс», - дейді министрліктегілер. Сондай-а уақытша жұмыссыз жүрген борышкерлерге қолдау көрсететін арнайы қор ашу жоспарда.

Дархан Игембаев, ҚР Әділет министрлігінің департамент директоры:

- Бүгінгі таңда 230-ға тарта алимент ісі бар. Оның проблемалық істері 14 мыңнан сәл асады. Яғни, 14 мың іс бойынша өндіру мәселесі толығымен шешілген жоқ. Себебі, 3 және 3 айдан көп уақыт олар төлемей жатыр. Сол істерді біз проблемалық іске жатқызамыз.

Хабар 24 телеарнасы