386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көп қабатты үйлердің 87% қысқа дайын

  • 143
  • UPD: 20:29, 02.08.2019

Бұл жергілікті шенеуніктердің берген ақпараты. Алайда коммуналдық мекемелер бұл ұйғарыммен келіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі бірде-бір басқарушы компания дайындық туралы техникалық құжаттама тапсырмаған. Кейбір баспаналарды қыс мезгілінде жылыту қиынға соғуы да мүмкін.

Әйтеке би көшесі бойындағы 5 қабатты үй тұрғындары 1,5 миллион теңге қаржы жинап, жылу жүйесін жаңартқан. Мамыр айының соңында басталған жұмыс қазір тәмәмдалып қалды. Құбырлар жаңартылып, жертөлесі алдағы маусымға толықтай дайын. Алайда жасалған жұмыс зая кетіп, пәтер иелері қаһарлы қыстан қалтырап шығуы да мүмкін. Себебі иесіз жатқан орталық жылу трассасы әбден тозығы жеткен.

Михаил Рунец, ПИК төрағасы:

Жылыту жүйесін жөндеп болған соң ыстық су құбырларына кірісеміз. Бірақ элеваторларды қоса алмай отырмыз. Себебі орталық трасса ескірген. Ал, көшені қопарып, 70 метр құбырды ауыстырып, қайтадан асфальт төсеуге мүмкіндігіміз жоқ. Қаражатымыз да жетпейді.

Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік «заңға сүйену қажет», - дейді. Алайда иесіз жатқан құбырлар монополист мекеменің қарамағына өткенше бірнеше жыл уақыт қажет. Сондықтан бюджеттен тыс қаражат табудан басқа амал жоқ.

Болат Серіков, қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы:

- Бұл құбырлар қазіргі уақытта ЖКХ бөлімінің балансында жоқ. Оларды біздің балансымызға қабылдауға біріншіден Ақтөбе қаласының экономика бөліміне жүгіну керек. Одан кейін сот оларды бір жыл ішінде біздің балансымызға беріп жіберуі керек. Негізі қазір біздің басшылығымыз спонсор іздеу үстінде. Осы үйдің құбырларын ауыстыруға, жөндеуге көмек ретінде.

Салаға жауапты мемлекеттік мекеме өкілдері Ақтөбедегі көп қабатты үйлердің 87%-і қыс маусымына әзір деп есеп берді. «Алайда жылу таратушы компания техникалық дайындығы туралы құжаттарды тек әлеуметтік мекемелер тапсырды», - дейді. Монополист компанияға тиесілі жүйелерде де күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Айтбай Дауылбаев, коммуналдық мекеменің бас инженері орынбасары:

- Күрделі жөндеуге 9 нысан және 2 нысанға реконструкция жүргізу керек болатын. Екі нысанның жұмысы толығымен бітті. 9 нысанның ішінен бүгінгі таңда бесеуі аяқталып, үш жерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу бізде тарифте қаралған қаржы бойынша жөнделеді. Ол 194 млн.

Ақтөбеде жылыту маусымы 1 қазан күні басталады. Алғаш боп әлеуметтік нысандар, балалар бақшасы мен мектептер, ауруханаларға жеткізіледі.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айсулу Махмутова, Болат Молдагалиев

Хабар 24 телеарнасы