386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар жүргізуші куәлігін алды

  • 207
  • UPD: 21:53, 02.08.2019

Петропавлда тірек-қимыл жүйесі бұзылған жандарға арнайы ашылған автомектепке екі айдан астам уақыт білім алған азаматтар бұл жолы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сынақ тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теориялық тестілеумен көлік құралын жүргізуден сәтті өткен екі азамат заңды түрде темір тұлпар тізгендеу құқығына ие болды. Жалпы бүгінгі күні Петропавл қаласында 10 мыңнан астам мүгедек жан тұрады. Ал олардың сегіз мыңы жүргізуші куәлігін алуларына мүмкіндігі бар.

Екатерина Залецкая, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Автомектепке оқуға келгенде әрине, қобалжу болды. Өзім үшінші топтағы мүгедекпін. Дегенмен де көлік тізгіндеу менің басты арманым еді. Қорқынышты жеңе білдім. Жүргізуші куәлігін алдым. Қуанышымда шек жоқ.

Сәлімхан Сәбитов, автомектеп директоры:

- Барлық мүгедек жандар бұл жүргізуші куәлігін ала алмайды. Себебі Өкінішке орай, Денсаулық министрлігінің қарауы бойынша көп адамның диагнозы көлік жүргізуге келмейді. Минстрліктің сұранысы бойынша мынау қолмен басқару болғандықтан, екі қолы дұрыс істеу керек адамның. Аяғы істемесе де, екі қолы дұрыс істеу керек.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы