Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық кардиологтар жүрек ишемиясын 2-3 минутта 100% дәлдікпен анықтайды

  • 163
  • UPD: 21:34, 02.08.2019
Қазақстандық кардиологтар жүрек ишемиясын 2-3 минутта 100% дәлдікпен анықтайды

Қазақстандық кардиологтар жүрек ишемиясын 2-3 минутта 100% дәлдікпен анықтай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа технология Алматыдағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында тәжірибеге енгізілген. Ұшында датчигі бар ультражіңішке құрылғы жүрек қан тамырына енгізіледі. Ол тамырлардың тарылған тұстарындағы қан көлемін өлшейді. Егер жеткілікті болса, онда науқас дәрі-дәрмекпен емделеді. Ал егер жеткіліксіз болса, тамырларды кеңейтетін стент қойылады. «Басқа әдістерге қарағанда жаңа технология қауіпсіз әрі операциядан кейінгі ауырлықты азайтады», - дейді дәрігерлер.

Алексей Колесников, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлім басшысы:

- Бұрын біз науқаспен сөйлесіп, жүгіру жолымен жүгіртіп, жүректің қағысын кардиограмма арқылы анықтайтынбыз. Алайда, ескі әдістің дәлдігі аз болатын. Енді жаңа технологиямен дертті нақты анықтауға болады. Бұл өте маңызды. Себебі, қан тамыры 80% тарылған болса да, кейде дәрі-дәрмекпен-ақ емдеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы