385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік талапкерлерге қосымша 280 оқу гранты бөлінді

  • 158
  • UPD: 21:48, 02.08.2019
Ақтөбелік талапкерлерге қосымша 280 оқу гранты бөлінді

Жергілікті бюджет пен Ұлттық қор қаражатына негізгі мемлекеттік жеңілдіктен тыс қалған жастар білім алатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір талап – республикалық бюджеттен бөлінген грант тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына арналған. Облыстағы жоғары оқу орындарынан бөлек, елорда мен Алматы қалаларының, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан университеттерге жолдама бар. Бірінші кезекте педагогикалық мамандар назарда. Мәселен республикалық бюджеттен бөлінген 180 гранттың 139-ы болашақ мұғалімдер үшін. Бұл еңбек нарығында қалыптасқан тапшылықтың орнын толтыруға бағытталған шара. Себебі химия, физика, математика сияқты пәндер ұстаздарына сұраныс жоғары. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер тамыз айының 5-і мен 10-ы аралығында құжат тапсыра алады.

Гүлназ Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Талапкердің балдары бірдей болған кезде бірінші «Алтын белгі» иелеріне басымдылық беріледі. Екінші басымдылық бұл колледжден кейін бір жыл еңбек өтілі бар түлектерге, үшінші бұл біздің халықаралық деңгейдегі, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиада жеңімпаздарына беріледі. Төртінші бұл - жетім балалар. Сосын мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Ерекше қабілеті бар. Сол балаларға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы