386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында «Ертіс - адалдық алаңы» жобасының ауқымы кеңейе түспек

  • 173
  • UPD: 22:07, 02.08.2019
Павлодар облысында «Ертіс - адалдық алаңы» жобасының ауқымы кеңейе түспек

Жыл басынан бері Павлодар облысында шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіру бойынша 16 дерек тіркелген.

Бұл туралы өңірлік форум барысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір облыста «Инвесторлар үйі» жұмыс істеп тұр. Онда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Қазагро», тағы басқа ұйымдар шоғырланған. Күзден бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінде арнайы фронт-кеңсе ашылады. Мақсат – инвесторларды қолдау, жемқорлықты болдырмау. Ал «Ертіс - адалдық алаңы» жобасының ауқымы кеңейе түседі. Енді мұнда халық пен биліктің арасын жақындату жұмыстары жүргізілмек.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

200-ден мемлекеттік мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке бизнес, ҮЕҰ өкілдері келіп қатысуда. Қазір өзекті мәселелерді талқыладық. Бизнесті дамыту мәселелері ғана емес, жалпы бизнесті ашу мәселелерін де талқыланды. Жергілікті тұрғындарды мазалайтын біраз мәселелер, олар біраз жылдан бері «бизнесті ашамын» дейді. Жер мәселесі бар, қаржыландыру мәселесі бар. Сапалы мамандарды тарту мәселесі талқыланды.

 

Хабар 24 телеарнасы