386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әскерилер дер кезінде қимылдамағанда жағдай бұдан да қиын болар еді - сарапшы

  • 171
  • UPD: 22:28, 02.08.2019
Әскерилер дер кезінде қимылдамағанда жағдай бұдан да қиын болар еді - сарапшы

Әскерилер тұрғындарды құтқару және қала аумағын тазарту жұмыстарын дер кезінде жүргізбегенде Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендердің саны бұдан да көп болар еді.

Жарылғыш заттар бойынша маманданған Тәжік ұлттық орталығының өкілдері осындай пікірде. Арысқа арнайы келген халықаралық сарапшылар төтенше жағдай кезіндегі жергілікті әскерилердің әрекетіне оң баға берді.

Далер Ешонжонов, гуманитарлық операция жетекшісі:

Әскери саперлер мен барлық қызметтер жұмылдырылып, қысқа мерзімде барлық аумақты тазартты. Төтенше жағдай кезінде әскери саперлер мен бекетте болған өрт сөндіру қызметтері жұмыла әрекет еткен. Соның арқасында жарылыстар басқа қоймаларға жеткен жоқ. Егер барлығын дер кезінде орындамағанда, зардап шеккендердің саны көп, ал жарылыс салдары бұдан да үлкен болар еді.

Мамандардың айтуынша, Украина, Ресей, Жапония, Түркия, Әзірбайжан, Үндістан және Болгария елдерінің қару жарақ қоймаларында соңғы бес жылда шамамен 16 жарылыс болған.

Хабар 24 телеарнасы