386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттер волонтерлік қызметі үшін ақшалай сыйақы ала алады

  • 170
  • UPD: 23:50, 02.08.2019
Студенттер волонтерлік қызметі үшін ақшалай сыйақы ала алады

Білім және ғылым министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба аясында жоғары оқу орындарының студенттері волонтерлік қызметке араласып, қоғамға пайдалы жұмыс нәтижелері үшін ақшалай сыйақы ала алады. Сондай-ақ олар академиялық кредиттерді қайта есепке алу құқығына ие болады.

Күндізгі оқу нысанындағы кез келген студент ерікті ретінде балалар мен қарттар үйлерінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді. Мәселен, 20 сағат қызметі үшін 20 мың теңге кредит болып есептелінеді. volunteer.kz платформасында студент онлайн-тіркеуден өтіп, еріктілер қатарын толықтыра алады. Қазіргі уақытта платформада 1400 ерікті мен 60-тан астам волонтерлік ұйым тіркелген.

Ақжол Құрмансейіт, «Қаржы орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары:

- Шәкіртақы көлемінде қазір студенттердің шәкіртақысын алып қарайтын болсақ, ол 21 900 теңге көлемінде. Яғни студентке шаққан уақыттағы сағаттық бөлінісіне сәйкес, бұл 1000 теңгенің жобасына келеді. 29 мыңның өзін 1 айға бөлсеңіз, шамамен мың теңгеден келеді. Сондықтан біз сағаттық бөлінісіне сәйкес, мың теңгенің көлемінде болады.

Хабар 24 телеарнасы