384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағайда мемлекеттік бағдарлама бойынша үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

  • 366
  • UPD: 11:27, 03.08.2019

Алматы облысындағы Қапшағай қаласының 700-ге жуық тұрғыны алдағы екі жылда баспаналы болады.

Қазір мұнда 2300-дей адам пәтер кезегінде тұр. Бұл курортты қалада мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Қапшағайдағы Жарминовтар отбасы 3 жыл бұрын үй кезегіне тұрған еді. Міне бүгін «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болып,қоныс тойын тойлап жатыр. 

Нариман Жарминов, Қапшағай қаласының тұрғыны:

 - Үш жыл болды осы үйдің кезегінде тұрғаныма. «7-20-25» программасы бойынша пәтер алып жатырмын. Мемлекет тарапынан осындай көмек болып жатыр. Көп-көп рахмет!

Осыдан біраз уақыт бұрын Қапшағайда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 60 пәтерлік үй тапсырылды. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша 12 пәтер сатылған. Көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары да назардан тыс қалмақ емес.

Ілияс Сүгіров, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі күні біздерде 2248 адам кезекте тұр. Бүгінгі күні көпбалалы аналар 345, жалғызбасты аналар 777 саны бойынша. Солардың барлықтарын бүгін қамтамасыз етіп жатырмыз. Көпбалалы аналарға 15 квартира сатып алынды. Олардың барлығы регистрацияда, тамыз айында таратып береміз.

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алуға 300 адам ниет білдірген. Қазір соның 15-не келісім берілді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жекелеген инвесторлар да белсенді атсалысып отыр. Күзде бұл қалада тағы екі көпқабатты тұрғын үй халық игілігіне беріледі.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы