386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының маңызды жолдарында тұрған ескі дәретханалар жаңасына ауыстырылады

  • 130
  • UPD: 11:03, 03.08.2019
Маңғыстау облысының маңызды жолдарында тұрған ескі дәретханалар жаңасына ауыстырылады

Биыл Маңғыстау облысының республикалық маңыздағы көлік жолдарында төрт бірдей автопавильон бой көтереді.

Әр жоба құны 15 млн теңге. Екі нысан «Жетібай-Жаңаөзен» трассасында қалғаны «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолында салынуы тиіс. Тағы екеуі келер жылы Ман-ата өткелі мен Бейнеу ауылындағы жол жиегінде тұрғызылады. Модульді типтегі бұл нысандар су, жарық, жылу және желдеткіш жүйесімен қамтылған. Қазір осы аймақтағы көлік жолдарында ескі үлгідегі 41 дәретхана тұр. Олар кезең-кезеңімен жаңасына ауыстырылады. Жауапты мамандар бірінші кезекте елді мекенге жақын тұрған автопавильондарға инфрақұрылым тартылатынын айтып отыр.

Қажымұрат Сүйебаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалы директорының орынбасары:

- Қазір республикамыздағы барлық жерлерде туристік маршруттар ашылып жатыр. Жақсы жолдар салынғаннан кейін шетелдің адамдары осы жолдармен жүріп жатыр. Олардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін бізде осындай шешім қабылданған. Бұл әжетханалар қазіргі заманға сай. Ішінде тоқ, жылу, су болады және өз алдына бөлек септигі болады. Көпшіліктің көңілінен шығады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы