386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құжат алмасудың бірыңғай электронды жүйесі қаржы үнемдеуге себепкер болды

  • 147
  • UPD: 14:16, 03.08.2019

Еліміздегі мемлекеттік емес ұйымдар мемлекеттік органдармен электронды түрде хат алмасады. Бұған отандық документолог қызметі негіз болды.

Құжат алмасудың бірыңғай электронды жүйесін алғашқылардың бірі болып «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы пайдаланды. Нәтижесінде пошталық шығындар 39 процентке азайған.

Электронды түрде құжат айналымына қолжеткізу үлкен еңбектің жемісі. Документолог компаниясының мамандары ақпараттық қауіпсіздікке жіті мән берген. Жыл басынан бері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жаңа жүйеде түскен құжаттардың 60 проценті мемлекеттік органдардан келген.

Ақмарал Уәлиханова, маман:

- Документолог жүйесімен жұмыс істеп жатқанымызға жарты жыл болды. Біздің жұмысымыз үшін өте пайдалы, тиімді. Құжаттарға электронды түрде қол қойылып, бір кабинеттен екінші кабинетке жүгірмейміз. Өте тиімді әрі қолайлы.

Маусым айынан бастап, өңірлердегі 17 филиалда да жаңа жүйеге қосылды. Бастысы, квазимемлекеттік сектор өкілдері электронды түрде хат алмасудың тиімділігін байқаған.

Айнар Касенгалиева, «Атамекен» ҰКП құжат айналымы департаментінің директоры:

- Мемлекеттік органдармен жиі хат алмасамыз. Мысалы, почта шығындары 39 процентке, ресми бланктар шығыны 40 процентке азайды. Сондай-ақ, құжатты тіркеу мерзімі де қысқарды. Ал құжаттарды электронды түрде жолдаудың арқасында, оларды жоғалтып алу қаупі едәуір төмендеді. 

Ақпарат және коммуникация министрлігі қолдаған жүйе «электронды үкімет» арқылы жүзеге асты. Жүйеге қосылу бойынша ақпаратты documentolog.kz сайтынан алуға болады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы