386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тазалық өзімізден басталады – А.Көлгінов

  • 168
  • UPD: 15:41, 03.08.2019

Елордада «Бірге - Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұған дейін Қоянды, Қарасу маңын тазалаған табиғат жанашырлары бүгін Майбалық көлінің жағалауында бас қосты. 

Балықшылар үшін олжалы «Майбалық» көлінің жағалауы бұл. Табиғат аясында тынығуға келетіндер көп. Саялы мекенге жиналған халықтың бүгін де қарасы қалың. Бірақ олар демалмайды. Шашылып жатқан қоқыстан сиқы қашқан өлкеге әр кіргізбек. Мақсаты бір елордалықтардың қатарында қала әкімі де бар. «Қоршаған ортаға жанашырлық өзіңнен басталады» дейді ол. 

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Біздің байқағанымыздай, өзендердің және су қоймаларының қасында көп ластанады. Себебі азаматтарымыз біздің демалысқа шыққанда артынан қоқыс тазалауды ұмытып кетіп жатады. Сондықтан осы акцияны жүйелі түрде өткізіп жатқанымыз - қоғамға жеткізу, тазалық өзімізден басталады.

Сенбілікке 1 мыңнан аса елордалық қатысты. Табиғат жанашырларына жастардың да қолдауы тиді. Олар күрек, қаптарды алып, қоқыс жинаудан бөлек көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Арыстанбек Тілеуғали, оқушы:

- Мектеп оқушыларымен бірге екі топқа бөлініп, бір топ пресс қызметкерін атқарып жүр,  нақтырақ айтып кетсем, пресс қызметкерлер осы жерде жүрген адамдарға лайфхактар көрсетіп, білмейтін заттарын толықтырып жіберіп және  де осы жерде жүрген адамдардың эко санасын дамытып жатыр. Екінші топ квестер ұйымдастырып жатыр.

«Бірге – Таза Қазақстан» акциясы аясында жиналған қоқыстар арнайы жәшіктерге сұрыпталды. Қайта өңдеуге жарайтындары мақсатына сай жұмсалады. Бастысы, табиғат таза. Демек, адамзат та аман.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы