388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көлік комитетінің қызметкерлері төл мерекесінде сенбілік өткізді

  • 354
  • UPD: 19:41, 03.08.2019

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті елорда әкімдігімен бірлесіп, Ботаникалық саябақта тазалық акциясын өткізді.

Мерекеге орай жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Артынша шағын концерт шеңберінде өңірлерден келген сала үздіктері грамоталармен марапатталды.

Айта кетейік, «Мен қалам үшін не жасай аламын?» акциясына 100-ге жуық маман атсалысты.

Самат Ғылымов, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:

- Бастысы, біздер қазақтар көшпелі халық деп айтады. Кезінде көші қон кезінде жайлауға көшкенде қыстаққа көшкенде орнын тазалап, барлығын тегістеп, дұрыстап кететін. Сондықтан біз осы өзіміздің жастарға, қала тұрғындарына «мен қалама не жасай аламын» деп өзіне өзі сұрақ қойып, сол бойынша басым көпшілікпен шешіп, жүрген жерімізде, отырған орнымызда тазалып сақтап жүрейік деген ұстаным болды.

Хабар 24 телеарнасы