386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 4 бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

  • 188

 

Шиелі және Жаңақорған аудандарында бой көтерген жаңа медициналық нысандар мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында іске қосылды.

Көп жылдардан бері Шиелі ауданының Жөлек және Нартай Бекежанов ауылдарында емхана мәселесі өзекті болды. Ауыл тұрғындарының тілегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында шешімін тауып отыр.

Ботакөз Құйқабаева, Жөлек ауылының тұрғыны:

– Бұрын ауылымызда кішкентай ғана амбулатория болған еді. Бөлмелері кішкентай, тар болатын. Бірақ ақ халатты абзал жандар, жалпы ауылдың дәрігер мамандары сонда да халыққа аянбай қызмет жасады.

Дәл осындай медициналық нысан Жаңақорған ауданының Өзгент және Ақүйік елді мекендерінен де ашылды.

Гүлмира Жұмашева, аға дәрігер:

– Дәрігерлік амбулаториямызда 44 кабинет, 10 медициналық орта буын бар. 3 кіші қызметкерім бар және 1 дәрігер. 4 төсек-орынға арналған күндізгі стационарымыз бар. Барлық ем-шаралар жүргізіле береді.

Соңғы жылдары Сыр өңірінде мемлекеттік жекеменшік әріптестік нығайып, бірқатар әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Бұл бастаманың тиімділігін кәсіпкерлер де терең түсіне бастағандай. 

Бағлан Әшірбеков, кәсіпкер:

– Мысалы үшін мұны тендермен беретін болса мемлекет, мұнда бірнеше кісілер түседі да, бағасы өте төмен болады. Сосын құрылыс жөнінде сапасы өте төмен болады. Өйткені олар арзан материалдар пайдаланады. Ал бізде тікелей өзіміз ГЧПмен отырғаннан кейін, барынша сапалы жасап, халыққа дұрыс жағдаймен жасап береміз. Сосын мұны мемлекет бір жылда төлемейді, 3 жылда төлейді. Біз 3 жылдың көлемінде мемлекетке өткіземіз.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысы бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалып отыр. Өткен жылы облыста 5 аурухана, 9 медициналық амбулатория салынған. Биылдың өзінде елді мекендерде 9 емдеу мекемесі бой көтерді.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы