386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан 420 шақырым жерде жер сілкінді

  • 132
Алматыдан 420 шақырым жерде жер сілкінді

Зілзала Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жерде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-ға сілтеме жасап.

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциясының желісімен 2019 жылдың 3 тамызында Алматы уақыты бойынша сағат 15 - 21 минут 40 секунд кезінде (Гринвич бойынша 2019 жылдың 3 тамызында сағат 09 - 21 минут 40 секунд кезінде) зілзала тіркелді», - делінген хабарламада. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.6. Магнитудасы MPV 3.8. Эпицентр бағыты 41.79° с.ш. 81.65° ш.б. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілгені туралы мәлімет(МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Хабар 24 телеарнасы