385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдегі «Алабино» полигонында V «Армиялық халықаралық ойындар» сайысы басталды

  • 155
Ресейдегі «Алабино» полигонында V «Армиялық халықаралық ойындар» сайысы басталды

Бүгін Мәскеу облысының «Алабино» полигонында бесінші «Армиялық халықаралық ойындар» сайысы басталды.

Биылғы жылы әскери жарыс тамыздың 3-і мен 17-і аралығында 10 мемлекеттің 21 әскери полигонында және де Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағының су айдындарында өтеді. Осы жылы үздік деген атаққа, жүлделі орындар мен марапатқа Азия, Еуропа, Африка, Орталық және Латын Америкасының 39 елінен 223 команда бақ сынасады. Армиялық ойындардың бағдарламасына далалық, әуе және теңіз машығы бойынша 32 байқау кіреді. Қазақстан командасы оның 16 байқауына қатысады. Өткен ойындарда Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы көшбасшылар үштігінде болды. Биылғы жылы әскери қызметшілеріміз жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниеттеніп отыр. Сондай-ақ сайыс кезеңдерінің біріне жататын салт атты марафон бәйгесі Моңғолияда өтіп жатыр. Ережеге сай, қатысушылар бірінші кезеңде 130 шақырым жүріп өтеді. Оның ішінде жарақаттанғандардың жарасын таңу, оларды атпен тасымалдау және оқ-дәрілерді тасу сынақтары бар.

Нұрғали Жапарғалиев, марафонға қатысушы:

– Халықаралық әскери атты марафон сайысының бүгін ашылу салтанаты болды. Бәрінің дайындықтары мықты екені көрініп тұр. Және біз осы жаққа 22-нен бері сайыстың өту туралы ережелерімен таныстық. Әрине моңғол елінің өте жоғары дайындықта екені көрініп тұр. Бірақ біз қазақ елі өзіміздің намысымызды жібермей, алдағы орындардан көрсетуге бар ынтамызды саламыз.

Хабар 24 телеарнасы