386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Егде жастағы азаматтар да мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады

  • 183
  • UPD: 07:59, 04.08.2019
Егде жастағы азаматтар да мемлекеттік бағдарламаға қатыса алады

Зейнет жасына жақындаған азаматтар да еңбек ресурстарын толықтыру шараларына белсене қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ алпысты алқымдаған адамдар өз кәсібін ашу үшін мемлекет тарапынан берілетін несиелерден де құр қалмайды. Жалпы Қызылорда облысында 16 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек таппай жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген. Оның 4%-і жас буынның үлесінде болса, басым бөлігін егде жастағылар құрайды. Ағымдағы жылы облыста 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу межеленіп, қазіргі таңда жоспардың жартысы орындалды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша еңбек нарығының қажеттілігі ескеріліп, 12 мыңнан астам сырбойылық қайта оқытылады. Бұл ретте аға буын өкілдері қоғамдық жұмысқа көптеп тартылмақ.

Жанар Дәулетбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Қорғаныс департаментінің шақырту таратуға, ПИК пәтерақы жинауға, көше сыпыруға жұмысқа жіберіледі. Кондитер, тігінші боламын, шаштараз ашамын деп жатса, олар да оқу курсына баруға мүмкіндігі бар. Немесе кәсіпкерлік негізде оқып алуға ешқандай шектеу жоқ. Тек зейнет жасқа жетсе, оны жолдай алмаймыз. Ал жетпеген азаматтардың  барлығын оқуға жолдай береміз.

Хабар 24 телеарнасы