386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы қажет

  • 119
  • UPD: 13:04, 04.08.2019

Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бірыңғай оңалту орталығы қажет.

15 жыл бойы ата-аналарға түрлі мәселені шешуде қол ұшын созып жүрген «Бәйтерек» қорының өкілдері осылай дейді. Бүгінде қор қызметі кезегінде жүздеген бала тұр. Ал қоғамдық бірлестік мамандары балаларды жалға алынған бейімсіз ғимаратта қабылдауға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы шағын бөлмеде 75 балаға көмек көрсетіледі. Олардың арасында тірек-қимыл аппараты бұзылған және жүйке патологиясына шалдыққандар бар. Сондықтан ата-аналар бекітілген кесте бойынша келуге мәжбүр. Маман тапшы, әрі бөлмелері тар.

Нұргүл Жақсыгереева, қала тұрғыны:

- Мамандар да, жұмысшылар да, бәрі де жақсы, көңілімізден шығады, бірақ бізге берілген ғимарат өте тар, мүмкімдік аз. Спорт залы жоқ, қаланың басқа жақтарына бару керек.

Өз кезегінде ата-аналар да психологиялық және заңгерлік көмекке зәру. Орталыққа балаларға қарауды, емдік массаж жасауды үйрететін мамандар жиі шақырылады.

Айнагүл Есенғалиева, қоғамдық бірлестіктің бас маманы:

- Бұл орталыққа барлық мүмкүмдігі шектеулі балалар, жандардың ата-аналары болсын, барлық беретің көмек, жағдай, барлығын бір жерге ұйымдастырған бір үлкен бір орталық болса, осы өзіміздің облысымызда, қаламызда. Бұл іс бір бағытқа қойылар еді деген үмітпен, үлкен іс болар еді деген үмітпен осы істі бастап отырмыз.

Қоғамдық бірлестік қаражат жинау науқанының басталғанын жариялайды. Егер еліміздің әр тұрғыны кірпіш құнына тең ақшадан қосылса, онда аймақта оңалту орталығы бой көтеруі әбден мүмкін.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ботагөз Базарбаева, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы