386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында дала өрті 45 гектар жерді шарпыды

  • 126
  • UPD: 13:44, 04.08.2019

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты аумақтағы құрғақ шөп тұтанып, 45 гектар жерді қызыл жалын шарпыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға болған жер арнайы техникалардың өтуіне қолайсыз. Соған қарамастан 25 маман өртті тоқтатты. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бірақ қазір аймақта дала өрті өршіп тұр. Осыған байланысты құтқарушылар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауға мәжбүр.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарағанды облысында 241 өрт жағдайы тіркеліп, 7 мың гектардан аса аумақ жанып кетті. «Бұндай оқиғалар көбіне адамдардың салғырттығынан болады», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы