384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның шалғай ауылдарында дәрігер жетіспейді

  • 369
  • UPD: 19:51, 04.08.2019

Батыс Қазақстан облысында дәрігер жетіспейді. Соның салдарынан тұрғындар, әсіресе ауыл халқы сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр.

Қазір өңірде 400-дей дәрігердің орыны бос тұр. Осы өзекті мәселенің түйіні  қашан шешіледі? 

Сайқын – ең алыс ауыл. Оралдан 550 шақырым. Сондықтан, мұндағы елдің бас ауырып, балтыры сыздағанда жүгірері де, жүгінері де жергілікті дәрігерлер. Қуаныштысы, аудандық ауруханаға кейінгі кезде көптеген жаңа жабдықтар алынған. Мәселен, цифрлы рентген, ультра дыбыстық зерттеу аппараттары, велоэргометр, 12 каналды Холтер, тәуліктік қан қысымын бақылау құралдары бұрын аудан мамандары үшін арман болатын.  

Әсима Ламашева, кардиолог:

- Осы аппараттар келгелі диагностика жақсарды деп айта аламыз ғой. Бұрында бір трубка мен бір  тонометрмен отырдық қой, бір аппарат ЭКГ-мен, жасырмайық. Ал қазір қанша жабдық келіп жатыр. Енді ЭхоКГ қосса жақсы болады. Онда қаладан кем болмаймыз.

Бердібек Қыдыров, аудан тұрғыны:

-  УЗИ-ге ұйқы безін түсіруге және бүйрегімді түсіруге келіп, тексерістен өтіп, шығып жатырмын. Бұрын болған жоқ, соңғы уақытта ғой осы.

Емдеу мекемелерінің материалдық жарақтандырылуы жақсарғанымен, шешімін таппай жүрген басты мәселе маман тапшылығы. Мәселен, 2 мың тұрғыны бар Бисен ауылында дәрігердің орны біраздан бос тұр.

Берік Төлегенов, Бисен ауылының тұрғыны:

- Медбикелер істеп жатыр. Халыққа қиындау, дәрігер болмағасын. Осыдан 70 шақырым жерде районға жібереді. Халыққа қиындау, екі ортада әрлі-берлі жүріп-тұруға.

Тағы бір қиындық - алыс ауылдардың басым бөлігінде ғаламтор жоқтығы. Медицина жүйесі бүгінде негізінен электронды форматқа көшірілгені мәлім. Бірақ қанша жерден жалған есеп беріп, цифрландырдық десең де, жоқтан бар жасап сиқырландыра алмайсың. Енді ең аяғы рецепт жазу үшін мамандар аудан орталығына ат арытады. 

Балгүл Қадерова, Бисен ауылдық ФАП қызметкері:

- Қазір барлық мәлімет, барлығы интернет бойынша жүргізіледі. Ауданға, облысқа науқастарды жіберу, бәрі компьютерге салынып, сол арқылы жіберіледі. Енді біздің интернетіміз шамалы. Уақтылы дәрі-дәрмек жаза алмай жатамыз. Толтырып ауданға барып істеп келеміз жұмыстарды.

Өңірде 400 дәрігер тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін  жергілікті бюджеттен гранттар бөлініп, медициналық оқу орны  түлектерімен келіссөз жасалуда. Нәтиже жоқ емес Биыл 145 жас маман батысқа бет алған. Гүлжанат - солардың бірі. Ол туған жері Сайқында еңбек етпек.

Гүлжанат Нұрғалиева, жас дәрігер:

- Өзім дәрігер болуды кішкене кезімнен армандадым. Арманым орындалды. Педиатр боламын деп шештім. Енді осында келіп жатырмын.

Анарбек Белисанов, Бөкей ордасы аудандық ауруханасының директоры:

- Аудан басшылығынан қолдау бар, үй мәселесі жөнінде. Жалпы акушер-гинеколог, хирург керек. Жалғыз хирург қой бізде. Көз дәрігері керек. 7-8 дәрігер керек. 3 ауылда дәрігер тапшы. 30 дәрігеріміз бар. Соның ішінде 11-12 дәрігерлеріміз зейнет жасында жүр.

Ауыл мен қала медицинасы арасындағы айырмашылықты азайту, қызмет сапасын арттыру үшін медициналық кадрлар деңгейін жақсарту. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда денсаулық сақтау саласына қатысты жүктеген міндеттері. Осы тапсырмалардың  орындалуы Орал өңіріндегі өзекті мәселелердің де оң шешілуіне әсер етпек.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Б.Жарылғасов

Хабар 24 телеарнасы