386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық сақтандыру қорына шілдеде 9,5 млрд теңге түсті

  • 170
  • UPD: 23:34, 04.08.2019
Медициналық сақтандыру қорына шілдеде 9,5 млрд теңге түсті

Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ сілтеме берген ҚазАқпарат.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады. Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы