386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға беріледі

  • 165
  • UPD: 08:05, 05.08.2019
Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға беріледі

2019-2024 жылдар аралығында Түркістан облысында 55 мың балаға арналған 184 мектеп салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір өңірде 20 мың орындық 68 мектептің құрылысы жүргізіліп, 36 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Облыстық білім басқармасы басшыларының айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде 3 апатты және 2 үш ауысымды мектептің мәселесі толық шешіледі. Сондай-ақ дәл қазір Кентау қаласында үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. 300 орындық мына мектептің құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталды. Бүгінгі күні аяқталуға жақын. Қазір мұнда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан негізінен үш бөліктен тұрады. Ортасындағы негізгі ғимарат 3, қалғандары 2 және 1 қабаттан тұрады. «Мұнда балалардың алаңсыз білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Жаңа нысан асхана, спорт зал, физика, химия кабинеттері,интерактивті тақта және компьютер сыныптарымен қамтылады.

Бақыт Асанов, құрылыс басшысы:

– Әр бөлімдегі сыныптар сумен қамтылған. Ішінде үлкен залдары бар. Барлығы кейінгі жобамен жасалған. Сертификатталған, заңдастырылған. Ғимаратты алдағы күзде елдің игілігіне тапсырамыз.

Хабар 24 телеарнасы