386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

  • 101
Арыстағы 6,7 мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

5 тамызға қарай Арыс қаласында 6,7 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

2,5 мың ЖТҚ және КПТҮ нысандарында құрылысшылар косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні 407 жеке үй және 3 көпқабатты үй толық қалпына келтірілді. 17 секторда 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде. Олардың міндеті-тұрғын үй қорының қалған нысандарын 20 тамызға дейін пайдалануға тапсыру.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Арыс қаласында жарылыс толқынынан зардап шеккен барлық үйлердің 90%-ы қалпына келтірілді. Ауқымды құрылысқа еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан келген жұмысшылардың рекордтық саны 8 мыңға жуық маман қатысты.

Хабар 24 телеарнасы