386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА қоғамдық медиаторларды дайындауда

  • 171
  • UPD: 17:30, 05.08.2019
ҚХА қоғамдық медиаторларды дайындауда

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторларды дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бітімгерлердің қатарына ел арасында беделі бар, танымал тұлғалар кіреді. Олар араздасқан тараптарды мәмілеге келтіріп, қоғамдық дау-дамайларды шешуде тегін қызмет етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шарада қоғамдық медиаторлар арнайы семинарға қатысып, тәжірибелі мамандардан дәріс алды. Жиынға қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, қазір адамдар арасында өзара сенім деңгейін арттыру маңызды. Себебі медиацияның дамуы азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімімен тікелей байланысты болмақ. Осы ретте елімізде медиацияның даму концепциясын жасау ұсынылды. Сондай-ақ мамандар мектептер мен медицина мекемелерінде медиация кабинеттерінің ашылып жатқанына тоқталды. Мұндай шаралар медиацияның қоғамдағы рөлін айқындап, қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

Шерзод Пулатов, ҚХА төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор:

– Ата-аналар мұғалімдермен, балалар өз арасында, мұғалімдер де бір-бірімен түсінбеушіліктерге келіп жатады. Осындай жағдайда біздің медиаторларымыз оларға көмек береді. Медиация саласы негізінде мектептен басталса, келешекте біздің балаларымыз сотқа бармай, медиация арқылы өзінің түсінбеушіліктерін шешетін болады.

Хабар 24 телеарнасы