386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлді ластаған қонақүйге айыппұл салынады

  • 132
  • UPD: 17:24, 05.08.2019
Алакөлді ластаған қонақүйге айыппұл салынады tour.complete.kz

Алакөл мен оны ластаған «Көктем гранд» қонақүйінің бассейнінен алынған сынамалар бірер күнде дайын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада әлеуметтік желі арқылы аталған қонақүй кешенінің құбырынан көлге лас су ағып жатқаны түсірілген бейнежазба таралып кеткен еді. Судан жағымсыз иіс шыққандықтан, бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызды. Сол күні экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен комиссия құрылып, жұмыс істей бастады. «Оның кәріз жүйесінен емес, демалыс орнының бассейнінен аққан су екені анықталды», - деді Ғалымұрат Жүкел.

Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– Оқиғаға байланысты Алакөл көлі мен демалыс орнының бассейнінен сынамалар алынды. Олардың нәтижелері ертең белгілі болады. Соған сәйкес, экологиялық заң нормалары бойынша шара қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы