386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық диқандар астықтың үштен бір бөлігін орып үлгерді

  • 135
  • UPD: 17:21, 05.08.2019
Жетісулық диқандар астықтың үштен бір бөлігін орып үлгерді

Алматы облысында жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жетісулық диқандар астықтың үштен бір бөлігін орып үлгерді. Сарқан ауданының шаруалары жаздық арпаның әр гектарынан 50 центнерден өнім алып отыр. Мұндай көрсеткіш шаруашылыққа жаңа технологияларды енгізудің арқасында мүмкін болды. Сарқанда биыл 3 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілді. Ал облыс бойынша масақты дәнді-дақылдар көлемі жарты миллион гектарға жуық жерді алып жатыр.

Виктор Стежкин, агроном:

– Ескі технологиямен жұмыс істеген уақытта өнімділік 15-20 центнерден аспайтын. Қазір 40-50 центнерге жетіп отыр. Біз екі комбайн мен бір егіс кешенін сатып алдық. Жаңа техника мен химияны және минералды тыңайтқыштарды қолданып жатырмыз.

Есім Айтуов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Егіс көлемі биыл Алматы облысы бойынша 962 мың гектарды құрайды. Оның ішінде масақты дәнді-дақылдар 451 100 га егілді. Қазіргі таңда 100 мыңнан астам гектарда жинау науқандары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы