386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ежелгі адамның бас сүйегі табылды

  • 190
  • UPD: 17:19, 05.08.2019
Жамбыл облысында ежелгі адамның бас сүйегі табылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ежелгі адамның бас сүйегі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар оны 2-1 ғасырларға жатқызып отыр. Оның ер немесе әйел адам болғанын және жасын украиналық ғалымдар анықтамақ. Ол үшін арнайы зертханаға бас сүйектің тісі жіберілді. Айта кету керек, көне Бурно-Октябрь қалашығын археологиялық зерттеу кезінде 3500-ге тарта жәдігер табылған. Арасында қыш ыдыстардың сынықтары, қол диірмен, қоладан жасалған май шамдар бар. Қазір археологтар екі бөлменің орнын тауып, зерттеп жатыр. Оның біреуі қаз қалпында сақталған.

Ескендір Төребеков, археолог:

– Қабырғалары бүлінбеген. Тіпті бөлменің төбесі де сақталған. Күмбез тәрізді. Міне қараңыз, мынау қабырға, әрі қарай кірпіштер көлденең емес, шырша сияқты қаланған. Толықтай тазарттық. Бөлме әдейі көмілген. Неге десеңіз, бұл жердің көне тұрғындары нысанды жәй ғана тастап кетпеген. Олар мұнда қайта келуді көздеген.

Хабар 24 телеарнасы