386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық 70 бала Арқалықта демалып жатыр

  • 112
  • UPD: 21:07, 05.08.2019

Арыстан келген 70 оқушы Арқалық қаласының маңындағы жазғы лагерде демалып жатыр.

Олардың жол ақысын, басқа да керек-жарағын жергілікті кәсіпкерлер өз мойнына алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Құрлысшы» жазғы лагеріндегі кезекті маусымның ашылу салтанаты. Үш күн бұрын ғана келген арыстық балалардың жаңа жерге тез үйренісіп кеткені байқалады. Оны өздерін еркін ұстап, бір-бірімен емін-жарқын әңгімелесіп, әзіл айтқан көңіл-күйлерінен аңғару қиын емес.

Айқаракөз Қуанышбай, Арыс қаласының тұрғыны:

Бұл жер қызық, маған ұнайды. Кешке таман күнде концерт, дискотека. Тәттілер береді. Балмұздақтар береді.

Концерт спорттық жарыстардан тыс, балалар үшін танымдық тағылымдық шараларда  өткізіледі. Қысқасы бір айлық демалыстың әрі күні жоспарланған.

Еркебұлан Жүнісов, арқалық қалалық білім бөлімінің әдіскері:

- Қалаға экскурция өткізу, қаламыздағы мәдени орталықтардың барлықтарына аралату, әртүрлі қызықты іс-шараларға қатыстырып, жоспар бойынша балаларға қызықты өткізу үшін орындаймыз.

Жасыл желек аясындағы лагерьдің өзінде балалар үшін де жазғы демалыстың жайдары өтуіне барлық жағдай жасалған. Бассейн, ойын алаңдары, кино, концерт залы, медицналық қызмет, қауіпсіздік шаралары жан-жақты қарастырылған.

Данияр Қуанышұлы, жазғы лагерь директоры:

- Физрук, плаврук бар, яғни суда жүзу нұсқаушысы, Одан кейін үш топқа 3 тәлімгер алдық.  Арыс қаласынан еріп келген 5 тәлімгер бар.

Бір сөзбен айтсақ, Арқалықта Арыстық балалар бір ай ішінде демалып, күш-қуат жинап, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күйде қайтарына сенім мол. Ата-аналары алаңдамаса болады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы