386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындарына бір реттік өтемақы 12 тамыздан бастап беріледі

  • 114
  • UPD: 21:12, 05.08.2019
Арыс тұрғындарына бір реттік өтемақы 12 тамыздан бастап беріледі

Арыс қаласының тіркеуде тұрған тұрғындарына бір реттік 100 мың теңгеден өтемақы алу үшін банк карталары таратыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көмекқаржы қаланың 55 мыңнан астам тұрғынына 12 тамыздан бастап беріле бастайды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев арыстықтарға ақшаны алудың тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, негізгі мәселе - банк картасын тарату. «Ақша алатын карта жұртшылыққа түгел таратылған соң қаржыны аударылады», - дейді облыс басшының орынбасары. Сот шешімімен қарыздары болған азаматтарға төлем карточкалары ашылмайды. Мұндай жағдайда азаматтар өтемақы алу үшін сенімді өкіліне нотариалды түрде сенімхат жазып беруі тиіс. Картаға түскен қаржыдан банктің комиссиялық төлемдері ұсталмайды.

Хабар 24 телеарнасы