384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңақорғанда ескі көпір апатты жағдайда тұр

  • 331
  • UPD: 21:29, 05.08.2019
Жаңақорғанда ескі көпір апатты жағдайда тұр

Жаңақорғандағы суару каналынан өтетін көпір апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өткел «Жаңақорған – Келінтөбе» бағытындағы облыстық маңыздағы автожолда орналасқан. 1976 жылдан бері жөндеу көрмеген екен. Көпір 10 мыңнан астам тұрғыны бар Келінтөбе және Қандөз ауылдық округтерін аудан орталығымен байланыстырады. Оны толық жөндеуден өткізуге 200 миллион теңгедей қажет.

Айта кетейік, былтыр осы трассаның үш учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ол уақытта  бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген.

Есдәулет Сейілов, Жаңақорған ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Облыс әкімінің тапсырмасына сай осыған жылдың басында техникалық құжаттарын дайындап, экспертизадан өткізіп, бүгінгі таңда 205 млн теңгенің сметалық жобасы облыстық экономика басқармасына тапсырылып отыр. Егер облыс тарапынан, республика тарапынан ақша бөлініп жатса, биылғы жылы толық күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы