386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында түйелердің жаппай қырылуы тоқтады

  • 150
  • UPD: 12:44, 06.08.2019
Атырау облысында түйелердің жаппай қырылуы тоқтады

Атырау облысы Жылыой ауданындағы шаруашылықтарда түйе малы арасынан жұқпалы ауру шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілде айынан бері 19 бас шығын болған. Облыстың мал дәрігерлері өлген түйелерден патологиялық материалдар алып, тексерді. Нәтижесінде өлген малдардың көмейінен эстроз құрты шықты. Осыған орай мал жайылымдары мен судан сынамалар алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхананың» Атырау облыстық филиалына жолданды. Зерттеулер нәтижесі 15 тамызда белгілі болады. «Бүгінде аталған аймақта эпизоотиялық ахуал бірқалыпты және сала мамандарының жіті бақылауында, - дейді мамандар.

Азамат Айтқалиев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Бұл күйіс қайыратын малдардың цефинофиноз деген ауруы деген қорытындыға келдік. Сәйкесінше сау түйелерге паразиттерге қарсы дәрі-дәрмек егу жұмыстары жасалып жатыр. Күні бүгін түйе малы арасында шығын тоқтады. Аудан бойынша 7920 түйе бар. Бәріне де толықтай паразитті ауруына қарсы емдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы