385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қоқыс жәшіктері жетіспейді

  • 106
  • UPD: 12:23, 06.08.2019
Елордада қоқыс жәшіктері жетіспейді

Елорданың өзінде де қоқыс мәселесі бар. Бірқатар аудандарда ұсақ-түйек қоқысқа арналған жәшіктер жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, мұндай жағдай «Артем» базарының маңында өзекті. Ал аулалардағы қоқыс алаңдарында бұл тұрғыда түйткіл жоқ. Бас қалада бас-аяғы 13 мыңнан астам жәшік бар. Қағаз, шыны, пластик секілді қаттық қалдықтарды сұрыптап жинау үшін қосымша 6 мың контейнер орнатылған. Егер қоқыс уақтылы жиналмаса, қала тұрғындары IKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына шағымдана алады.

 

Хабар 24 телеарнасы