385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да өзге аймақтан тасымалданатын жеміс-жидек бағасы қымбат

  • 104
  • UPD: 07:23, 06.08.2019
ШҚО-да өзге аймақтан тасымалданатын жеміс-жидек бағасы қымбат

Шығыс Қазақстан облысында жеміс-жидек пен көкөністің кейбір түрі жетіспей жатыр.

Аймақта дәл қазір сәбіз бен сарымсаққа, қырықабат пен қызанақ және қиярға сұраныс жоғары. Нарықты толық қамтамасыз ету үшін бұл өнім түрлерін қазіргіден 2 есеге көбейту керек. Жетпейтін жеміс пен жидек әзірше басқа өңірлерден тасымалданып жатыр. Сондықтан басқа аймақтарға қарағанда, бағасы  да әлдеқайда қымбат. Өскемендік бағбандардың еккен сарымсағы қаладағы тұтынушылардың 13 процентіне ғана жетеді. Қырыққабат пен сәбіз де осы шамада  жиналады. Тек картоптың 60 проценттен астамын жергілікті шаруалар салады. Қазір қаладағы базарларда картоптың келісі 180 сәбіз бен сарымсақ 200 теңгеден сатылып жатыр.

Парвана Нуриева,кәсіпкер:

- Жол өте жаман. Біз тауарды Тәжікстаннан әкелеміз. Қордай асуы арқылы Алматыға жету де оңай емес. Өскеменде жеміс пен көкеніс қымбат. Өйткені ешбір көлік жүргізушісі арзан бағаға келіспейді. Жолдың бәрі шұрық-тесік. Көліктері сынады. Қосалқы бөлшек пен жанармайдың бағасы да аспандап тұр.

Хабар 24 телеарнасы