385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының Райымбек ауданында қарақат пен таңқурай өсіретін шаруашылық құрылды

  • 112
  • UPD: 09:24, 06.08.2019
Алматы облысының Райымбек ауданында қарақат пен таңқурай өсіретін шаруашылық құрылды

Олар Қақпақ ауылының жоғарғы жағынан 400 гектар жер алып, көктемде 1400 түп таңқурай мен 3500 түп қарақат еккен болатын.

Көшеттер Польшадан әкелінді. Шетелдік жеміс-жидек түрі Хан Тәңірінің баурайындағы түгін тартсаң майы шығатын Нарынқол өңіріне жерсініп, қазір түбінен жас өскін жібере бастады. Ол келер жылы өнім береді. Оны көршілес Қытай Халық Республикасы мен Еуропа елдеріне экспорттаймыз дейді мамандар. Шаруашылық әзірге 37 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.   

Мәди Шитебаев, шаруашылық бригадирі:

- Көшеттің бәрін отырғызып біттік. Қазір тамшылатып суару әдісімен суғарып жатырмыз. Насос қойылды. Жұмыстар солай, арамшөптерін өлтіріп жатырмыз.

Самат Сатылғанов, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл кісілер жекелеген мамандар болмаса негізгі жұмыс күшін жергілікті тұрғындардан қамтып отыр. Болашақта плантациялар толық өз қуатымен жұмыс істей бастаған кезінде 150-200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, көзделіп отыр. Бұл енді ауданымыздағы жұмыссыздықты азайту мәселесіне, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге, олардың жеке табыстарының ұлғаюына септігін тигізетін өте бір ыңғайлы жоба.

Хабар 24 телеарнасы