385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысындағы Құрық-Жетібай жолының сапасы сын көтермейді

  • 98
  • UPD: 12:39, 06.08.2019
Маңғыстау облысындағы Құрық-Жетібай жолының сапасы сын көтермейді

Маңғыстау облысындағы Құрық-Жетібай көлік жолының сапасы сын көтермейді.

Қарақия ауданына қарайтын 64 шақырымдық трасса Ақтауды Құрық теңіз айлағымен қосады. Көлік жолының күтіміне жылына ең азы 45 млн теңге жұмсалады. Алайда бұдан шыққан нәтиже шамалы. Ауыл тұрғындары облыс орталығына жету үшін қырық жамау грейдермен бірнеше сағат жүреді. Жауапты мамандар осы мәселені түпкілікті шешу үшін жолға бастан-аяқ күнделі жөндеу қажеттігін айтып отыр. Былтыр жоба құжаттары жасақталған. Ал биыл ел қазынасынан қаражат бөлінген жағдайда асфальт жабындыны қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

Бекбол Мұқашев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ филиалы директорының орынбасары:

- 2018 жылы осы жолға күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан шығып, жобаға 11,1 млрд теңге қаражат көзі қарастыру қажет. 2020-2021 жылдарға осы қаражат көзін бөлу министрліктен сұралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы