386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде табиғат қорғау инспекторлары біліктілік курсынан өтіп жатыр

  • 120
  • UPD: 14:56, 06.08.2019

Заңсыз аң аулаушылармен күресті күшейтуге бағытталған шараға облыстың әр ауданынан 40-тан астам маман қатысуда.

Тиісті заңнама талаптарын түсіндіруден өзге, аңшылармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері де айталады. Ал семинардың тәжірибелік бағыты өңірдің Ырғыз және Шалқар аудандарында өтетін болады. Себебі бұл аймақтан жақын күндері дала бөкендерінің көшуі басталмақ. Ала жаздай осы төңіректі мекендеген киіктер көрші Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағына қарай ығысады. Осы кезеңде күзетті күшейту жоспарланып отыр. Жалпы жыл басынан бері заңсыз аң аулау бойынша 8 қылмыстық құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, оның төртеуі сот қарауына берілген.

Сәбит Дүйсенов, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы:

- Біздерде Бетпақдала популяциясы бойынша Әйтеке би, Ырғыз, Шалқар аудандарында оперативтік жұмыстар күшейіп отыр және қосымша группалар жіберіп жатырмыз. Қостанай және Қызылорда жағынан топтар келіп, күшейтілген жұмыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы