386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көкөніс пен жеміс-жидек жетіспейді

  • 114
  • UPD: 15:04, 06.08.2019

Шығыс Қазақстан облысында жеміс-жидек пен көкөністің кейбір түрі жетіспей жатыр. Аймақта негізінен дәл қазір сәбіз бен сарымсақ, қырыққабат пен қызанақ және қиярға сұраныс өте жоғары. Нарықты толық қамтамасыз ету үшін бұл өнім түрлерін қазіргіден 2 есеге көбейту керек. Жетпейтін жеміс пен жидек әзірше басқа өңірлерден тасымалданып отыр. Осының кесірінен басқа аймақтарға қарағанда бағасы да әлдеқайда қымбат. 

Өскемендік бағбандардың еккен сарымсағы қаладағы тұтынушылардың 13 проценітне ғана жетеді. Қырыққабат пен сәбіз де осы  шамада  жиналады. Тек картоптың  60 проценттен астамын жергілікті шаруалар салады. Сондықтан жеткіліксіз жеміс пен көкөніс басқа жақтан әкелінеді.  

Нұрлан Байғалиев, көтерме сауда базары директорының орынбасары:

- Биылғы шыққан сарымсақтың алғашқы легі Тәжікстаннан әкелнді. Одан соң Қырғыздан. Дәл қазір сарымсақты Шымкенттен, ал картоп пен сәбіз Павлодардан тасымалданып жатыр.

Бағаның әлі арзандамағанын халық түсінбей отыр. Қазір қаладағы базарларда картоптың келісі 180  сәбіз бен сарымсақ 200 теңгеден сатылып жатыр. Ал көптеп сататын орындарда бір саты арзан. Бірақ  1-2 келі көкөніс үшін елдің базарға бармасы анық.

Наталья Николаева, зейнеткер:

Базардың бәрі жекелеп сатады. Мен  сияқты зейнеткер үшін әрине  баға қымбат!!!

Бағаның өсуінің бірнеше себебі бар. Ең негізгісі тасымал құны. Оңтүстіктен әкелінетін өнім бағасына Талдықорған-Өскемен аралығындағы автожолдың сапасы да  әсер етеді.

Парвана Нуриева, кәсіпкер:

- Жол өте жаман. Біз тауарды Тәжікстаннан әкелеміз. Қордай асуы арқылы Алматыға жету де оңай емес. Өскеменде жеміс пен көкеніс қымбат. Өйткені ешбір көлік жүргізушісі арзан бағаға келіспейді. Жолдың бәрі шұрық-тесік. Көліктері сынады. Қосалқы бөлшек пен жанармайдың бағасы да аспандап тұр.

Мәселені шешу үшін жергілікті өнімді көбейту керек. Бірақ шығыста бұл саламен шұғылданудың пайдасы аз. Мемлекеттен берілетін субсидия шығынды  жаппайды. 

Владимир Гайламазян,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Көкөніс өсіру бел жазбас еңбекті қажет етеді. Екіншіден, сақтау мен тасымалдауға да біршама шығын кетеді. Мәселен, күнбағыс пен астыққа қарағанда көкеністі қоймда бір қалыпта бұзылмастай етіп сақтау  өте қиын. Тұқымды қоймада ұзақ мерзімге ұстап технологияға сәйкес өсіруге де  көп қаржы керек.

Қазір Өскемен, Семей және Риддер қалысында ғана көкеніс сақтау қоймасы бар. Аймақтағы басқа қалалар мен аудандарда  өнімді күзден қалдырмай өткізіп жіберді. Себебі сақтағанмен шыққан шығын өз құнын ақтамайды.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы