386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде түзету мекемелерінің қызметкерлері бейнежетон тағып жүретін болды

  • 123
  • UPD: 15:39, 06.08.2019

Жыл басынан бері қылмыстық-атқару жүйесінің 1500 қызметкері түрлі жауапкершілікке тартылған.

Күні кеше Заречный түрмесінде болған оқиғаға қатысты 7 адам жұмыстан қуылып, оның бесеуі 2 ай мерзімге қамауға алынды. Жалпы сотталғандардың құқығын қорғау үшін жүйеде біраз өзгеріс болады. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков айтты. Төрағаның айтуынша, елдегі 82 мекеменің барлығын бірдей бақылап отыру оңай емес. Әзірге 32 түзету мекемесінің қызметкерлері кеуделеріне видеожетон тағып жүретін болды. Ақмола облысындағы мекемелерде жазасын өтеушілер туыстарымен жиі хабарласу үшін видеобайланыс жүйесі пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Жалпы соңғы 3 жылда ішкі істер органдарында 53 азаптау дерегі тіркелсе, оның 13-і қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде болған.

Дархан Қанатбеков, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы:

- Осы күнге дейін видео камералар қойылған. Алайда, толық қамтамасыз етілмеген. Биылғы жыл аяғына дейін, келесі жыл соған дейін «Жол картасына» кірген, сол уақыт бойынша, видеожетон бәрі алынады. Егер сотталғандар арыз-шағым жазып жатса, ол міндетті түрде тіркеледі. Сосын қылмыстық іс қозғалады. Сосын сотталғанның айтылғаны, дене жарақаты бәрін экспертизаға саламыз, тексереміз, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы