385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Jastar Otanga» жобасына өтініш қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады

  • 123
  • UPD: 15:38, 06.08.2019
«Jastar Otanga» жобасына өтініш қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады

Жастардың инновациялық идеяларына инвестор табуды көздейтін «Jastar Otanga» жобасына өтінімдерді қабылдау 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова мәлімдеді. Жалпы алғанда, жобалардың бағыты мен саласына шектеу жоқ. Тек инновациялық тұрғыда ұтымды болуы шарт. Сонымен қатар нетворкинг және жастар ұйымының тәжірибе алмасу жобасы да жүзеге асатын болды. Аталған жоба еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.

Лаура Демесінова, «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры:

- Байқау алғаш рет 2017 жылы өткен болатын. Ол кезде негізінен ІТ, медицина, ауыл шаруашылығы, қоқыс өңдеу, қызмет көрсету салалары бойынша тың бастамалар көтерілген. Ал биылғы жобаның қаржы қоры әлі анықталған жоқ. Негізінен жастардың бизнес идеяларына, инвесторлардың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылмақ.

Хабар 24 телеарнасы