386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жалпы құны 177 млн теңгеге автокөлік нөмірлері сатылған

  • 143
  • UPD: 17:37, 06.08.2019
Ақтөбеде жалпы құны 177 млн теңгеге автокөлік нөмірлері сатылған

Ақтөбеде қымбат нөмірлерге құмар көлік иелері көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек биылғы жеті айдың өзінде автомашинаның 300 мемлекеттік нөмірі сатылған. Оның жалпы құны 177 млн теңгеден асады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын темір тұлпар иелері біркелкі сандар немесе әріптер жазылған 55 нөмір сатып алса, былтырғы көрсеткіш 600-ден асты.

Аслан Оразов, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлім басшысы:

– Жалпы екі түрі бар. Бізге стендке келіп тұрады. Солардан таңдауға болады. Тапсырыс берушілер де көп.

Хабар 24 телеарнасы