386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дала өртін сөндіремін деп көз жұмған азаматтар мемлекеттік наградаларға ұсынылады

  • 176
Дала өртін сөндіремін деп көз жұмған азаматтар мемлекеттік наградаларға ұсынылады ken-zhyloi.kz

Алматы облысының әкімдігі далада болған өртті сөндіремін деп зардап шеккендердің жағдайынан мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, Панфилов ауданындағы дала өрті кезінде жеті адамды күйік шалып, үш адам мерт болған еді.

Алматы облысының әкімдігі зардап шеккендердің жағдайына түсінік берді.

«Кеше Панфилов ауданының орталық ауруханасына жеті адам жеткізілді. Оның бесеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Екеуі – ауруханада. Біреуі – жансақтау бөлімінде, ал екіншісі хирургиялық бөлімде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты», – деді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ олар қаза тапқан үш адамның отбасыларына жерлеу рәсіміне көмектесетіндерін де айтты.

«Бүгін екі адам жер қойнына тапсырылды. Үшіншісінің жаназасы ертең. Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, марқұм азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ерлік танытып, жан тапсырған азаматтар мемлекеттік наградаларға ұсынылатын болады. Сонымен қатар қайтыс болған ер адамның бірінің отбасына мемлекеттік қордан пәтер бөлініп, беріледі. Өйткені марқұмның артында үйсіз-күйсіз әйелі мен бес баласы қалған. Ол көп балалы әке болған», – деді әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Алматы облысының әкімдігі төтенше жағдайды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып, көңіл білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы