386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда коммуналдық желілер толық жаңартылмақ

  • 112
Ұлытауда коммуналдық желілер толық жаңартылмақ

Үлкенді-кішілі қалалар ғана емес мегаполистердің өзі тұрғындарын сапалы ауызсумен қамти алмай, жылуға қарыз тұрғындармен алысып жатыр.

Ал шалғайдағы елді мекендер бұл істі кешенді түрде шешуді қолға алған. Ұлытауда коммуналдық желілер толық жаңартылады. Мұның бір себебі – туристердің де қызығушылығын арттырып, оларды күтіп алуға сақадай сай отыру үшін жасалып жатқан қам. Биыл аудан орталығындағы кәріз жүйесі ауыстырылады. Одан қалды су таратқыш жаңарады. 20 жыл бұрын салынған бұл нысанның әбден тозығы жеткен. Жалпы мұндағы коммуналдық желілерді жаңартуға бір миллиард теңгеден астам қаражат қаралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы