386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында бір тәулікте 9 аумақ өртенген

  • 131
  • UPD: 18:49, 06.08.2019
Қарағанды облысында бір тәулікте 9 аумақ өртенген

Дала өрті ырық бермей тұр. Қарағанды облысында бір тәуліктің ішінде 9 аумақты жалын шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей маңда 50 гектарға дейін шабындық жанып кеткен. Дала өрті 5 ауданда тіркеліп, оған 250-ден астам жұмылды. Олардың арасында өрт сөндірушілерден бөлек, орманшылар мен еріктілер де бар. Жалпы жыл басынан бері аймақта 265 дала өрті болып, 8 мың гектарға жуық алқап отқа оранған.

Қайрат Қапизов, облыстық ТЖД бастығының м.а:

– Өткен жылмен салыстырғанда биыл дала өрті 3 есеге көп. Ал олардың негізгі себебі – шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау. Яғни тракторлар ұшқынды баспайды. Оған қоса, найзағай мен аптап ыстық тағы бар. Ал кей жағдайда жердегі әйнек сынықтары да шөптің тұтануына сеп болып жатады.

Хабар 24 телеарнасы