386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл аз қамтылған отбасыларға көмір алу үшін жеңілдіктер қарастырылуда

  • 131
Биыл аз қамтылған отбасыларға көмір алу үшін жеңілдіктер қарастырылуда BNews.kz

Елордада биыл көмір тапшылығы болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов осылай деп мәлімдеді. Алайда «Қыстың қамын жаз ойла» дегенді алға тартқан мамандар тұрғындарды көмірді ертерек сатып алуға шақырады. Қазір қорда 19 мың тонна көмір бар. Оның бір тоннасы 12-15 мың теңгенің аралығында. Бағаны қалыпты ұстап тұру үшін қала әкімдігі көмір жеткізушілермен меморандумға қол қойған. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмір алу үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Ербол Төлеуов, қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

– Жылыту маусымында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында бұған 20200 теңге тағайындалған. Оны алу үшін тиісті құжаттарды дайындап, сол басқармаға барып тіркелу керек.

Хабар 24 телеарнасы