385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдықтар суға 30 млн теңге берешек

  • 115
  • UPD: 19:45, 06.08.2019
Петропавлдықтар суға 30 млн теңге берешек

Петропавлда тұрғындар суға 30 млн теңге берешек, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қара тізімдегі кей тұтынушылар қызмет ақысын он жылдан бері төлемей отыр», – дейді мамандар. Қордаланып қалған қарыздардың ең ірісі 500 мың теңгеге жетеді. Мұндай жағдайда коммуналдық қызмет борышкерді сотқа береді. Болмаса, арнайы бригада кәріз құбырларын бітеп тастайды. «Әзірге берешекті өндіріп алудың тиімді жолы осы ғана», - дейді сумен қамту кәсіпорнының қызметкерлері. 

Бауыржан Тәжин, сумен қамту кәсіпорнының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы:

– Біздің жеке шаруашылық серіктестігінде 2 жыл бойы бригада істейді. 2 жыл ішінде 5 млн-дай ақша жинап алдық.

Хабар 24 телеарнасы