386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау маңайы мұнай қалдықтарынан тазарады

  • 130
  • UPD: 20:30, 06.08.2019
Маңғыстау маңайы мұнай қалдықтарынан тазарады

2024 жылға дейін Маңғыстау маңайы мұнай қалдықтарынан толық тазартылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған меморандумға бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрі мен еліміздегі мұнай өндіруші ірі компанияның басшысы қол қойды. Осы келісімге сай мұнай компаниялары экологиялық талаптарды қатаң сақтайтын болады. Қалдықтарды өңдейтін тың технологияларды қолданып, ластанған жерлерді қалыпқа келтіреді. Қазір Маңғыстау маңайында 2 жарым миллион текше метр мұнай қалдығы бар екен.

Жолдасов Зулфухар, экология, геология және табиғи ресуртсар министрлігінің комитет төрағасы:

– Жоспар бойынша жобалық құжаттар 2020 жылы әзірленеді. Ал 2021 жылы қалдықтарды жою және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын салынуы тиіс. Осылайша көп жылдан бері мұнай қалдықтарына байланысты қордаланған мәселе 2024 жылы шешіледі деген сенеміз. Бүгінде Атырау облысындағы мұнай қалдықтарының 78 проценті қайта кәдеге жаратылады. Оған қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер де жоқ емес.

Хабар 24 телеарнасы